QazTrade компаниясының хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы өңделген тауарлардың тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында $3,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,9%-ға жоғары ($2,5 млрд), деп хабарлайды DKNews. Қазақстаннан Қытайға өңделген тауарлар экспорты 17,8%-ға өсіп, $1 млрд құрады.
29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Сәуірдің 20-сы мен 24-і аралығында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында V Еуразия халықаралық кітап көрмесі өтті. Сәуірдің 22-сі күні «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құрушы елдердің баспа ынтымақтастығы ұйымы көрме орталығында «Өзара қолдау және ынтымақ арқылы тең ұтысқа жету – Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығына арналған баспа алмасу симпозиумы» онлайн және офлайн режимде өтті.
20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жақында Хайнаньдағы Янпу экономикалық даму аймағында болды. Осы кезеңде Си Цзиньпин сол жерде жұмыс істейтін қазақстандық Руслан Төленовпен кездесті.
25 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Үстіміздегі жылдың қаңтар айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен Орталық Азиядағы бес ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанының 30 жылдығына арналған бейне саммитте сөйлеген сөзінде қазақстандық жас жігіт Исмаил Дауровтың Шэньси өлкесінде індет кезінде еріктілер қатарында болып, індетпен күрескен ізгі ісін атап өткен еді. Төраға Си Цзиньпин өз сөзінде: «Соңғы 30 жылда біз бір-бірімізді жақсы білдік, бір-бірімізбен жақын араластық.