- Барлық ақпарат
«Кунпенг» көліктік ұшақтары «Бейбітшілік миссиясы» әскери жаттығуында тұңғыш бой көрсетті (2)
15 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- «Бейбітшілік миссиясы-2021» ШЫҰ терроризмге қарсы бірлескен әскери жаттығуларында жаттығуға қатысатын Қытайлық әскерлердің әуе тасымалы міндеттерінің барлығы өз елінің Юн-20 «Кунпенг» стратегиялық көлік ұшақтарымен жүзеге асырылды. Бұл аталған көлік ұшағының «Бейбітшілік миссиясы» әскери жаттығуларында тұңғыш бой көрсетуі және шетелде жаңа бағыт ашуы саналады.
Юн-20 Қытайдың дербес әзірлеген стратегиялық көлік ұшақтарының жаңа буыны, оны сипаттап айтатын болсақ: ол үлкен қуатты, ұзақ қашықтықты, әуежайға бейімделгіштігі икемді және жабдықтары озық болып табылады.
Юн-20 қызметі отандық ауқымды әскери көлік ұшақтарындағы кемшіліктің орнын толтырды және Қытай әскерінің стратегиялық жобалау қабілетін жаңа деңгейге көтерді.
people.cn © People's Daily Online