«Кунпенг» көліктік ұшақтары «Бейбітшілік миссиясы» әскери жаттығуында тұңғыш бой көрсетті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 15 қыркүйек
«Кунпенг» көліктік ұшақтары «Бейбітшілік миссиясы» әскери жаттығуында тұңғыш бой көрсетті

15 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- «Бейбітшілік миссиясы-2021» ШЫҰ терроризмге қарсы бірлескен әскери жаттығуларында жаттығуға қатысатын Қытайлық әскерлердің әуе тасымалы міндеттерінің барлығы өз елінің Юн-20 «Кунпенг» стратегиялық көлік ұшақтарымен жүзеге асырылды. Бұл аталған көлік ұшағының «Бейбітшілік миссиясы» әскери жаттығуларында тұңғыш бой көрсетуі және шетелде жаңа бағыт ашуы саналады.

Юн-20 Қытайдың дербес әзірлеген стратегиялық көлік ұшақтарының жаңа буыны, оны сипаттап айтатын болсақ: ол үлкен қуатты, ұзақ қашықтықты, әуежайға бейімделгіштігі икемді және жабдықтары озық болып табылады.

Юн-20 қызметі отандық ауқымды әскери көлік ұшақтарындағы кемшіліктің орнын толтырды және Қытай әскерінің стратегиялық жобалау қабілетін жаңа деңгейге көтерді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото