Шөл даладағы тораңғы орманын қорғаушы (3)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 қазан
Шөл даладағы тораңғы орманын қорғаушы

14 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Вэй Цунгуаң биыл 65 жаста, ол Ішкі Моңғолия автономды регионының Ежин тораңғы орманы ұлттық табиғи қорығындағы Qidaoqiao басқару және қорғау станциясының орман қорғаушысы. Бұл тораңғы орманы Бадаин-Жаран шөлінің шетінде орналасқан. Вэй Цунгуаңның орманды басқару және қорғау аймағы 20000 муды құрайды. Ол табаны күректей 33 жыл бойы осында орманды қорғап келеді.

Орманды аймақта жолдар болмағандықтан, көп жылдар бойы Вэй Цунгуаң әр рет бес сағаттан артық уақыт сарқып 16 шақырымнан астам қашықтықты жол басады. Күзеттік жұмыс ауыр болғанымен, ол гүлденіп келе жатқан тораңғы орманын көргенде көңілі жайнап, қуана түседі екен. Вэй Цунгуаң: «Мен шөл далада ержеттім,ағаштарға деген сезімім ерекше. Тораңғы орманын қарап қорғау, маған бір ата-анам мен балаларымды қорғаған сияқты бейне болып көрінеді» дейді. Ол тағы да «Бұл тораңғы орманы шөлдің шетінде орналасқан және де үлкен экологиялық маңызға ие, сондықтан да мен оны қорғаймын » деді.

Жыл сайын қазан айында Ежин хошұнында туризм қатты жанданады. Сол кезде тораңғы орманы еліміздің түкпір-түкпірінен келген туристерді қарсы алады. Сонымен қоса Вей Цунгуаңның орманды алқаптарды күзету және орман өртінің алдын алу міндеті де ауырлай түседі. Оның патрульдік бақылауының арқасында, қорғалатын аумақтағы 20000 му тораңғы орманында бір рет де өрт болған жоқ. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото