Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданындағы қоңыр күз

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 қараша
Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданындағы қоңыр күз

2 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Күз бен қыстың өларасында Шыңжаңның Іле Қазақ автономиялы облысы Моңғұлкүре ауданының Қасқырлы сайында күздің келбеті көз тартады. Әдемі күзгі көріністе шыршалар самсап, өзен-көлдер сылдырай ағып, қоралы қой, табынды сиырлармен жарасым тапқан. Қасқырлы сай Үйсін тауы шыңының етегінде орналасқан. Тау етегі малшылардың көктеу, күздеулігі. Экологиялық өркениетті дамытуға арналған алғашқы ұлттық демонстрациялық аймақтың бірі - Моңғұлкүре ауданы соңғы жылдары өзінің ресурстарын толық пайдалануда. Ауданда қоршаған ортаны қорғау шарасы күшейіп, жайлау экологиясын жақсарту үздіксіз жалғасып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото