Бейжіңде «2024 Қытайдағы Қазақстан туризм жылының» ашылу салтанаты өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 сәуір
Бейжіңде «2024 Қытайдағы Қазақстан туризм жылының» ашылу салтанаты өтті
ҚХР КП Орталық Комитеті саяси бюросының мүшесі, Орталық Хатшылықтың хатшысы, Орталық Үгіт-насихат бөлімінің министрі Ли Шулэй құттықтау сөзін сөйледі.

1 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 29 наурыз күні кешке Бейжіңде «2024 Қытайдағы Қазақстан туризм жылының» ашылу салтанаты өтті.

Биылғы туристік жылдың ашылу салтанатында Қазақстанның Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры мен Ұлытау тобы сияқты танымал қазақстандық өнер майталмандары бірлесіп өнер көрсетті. Концертте Қытай мен Қазақстанның халық әндері, қазақтың халық билері, музыкасы, хоры және т.б. орындалды. Бағдарламалар Қытай мен Қазақстанның ұлттық музыкасының ерекшеліктерін біріктіріп, Қытай мен Қазақстанның мәдени алмасуын әр қырынан көрсетті.

Туризм жылы ішінде Қытай мен Қазақстан жыл бойына бірқатар қызықты іс-шараны, концерттік қойылымдар мен туристік форумдарды өткізеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото