Фэнчэн, Цзянси: Интеллектуалды өндіріс сапа мен тиімділікті арттырды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 ақпан
Фэнчэн, Цзянси: Интеллектуалды өндіріс сапа мен тиімділікті арттырды

8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Цзянсидің Ичунь Фэнчэн қаласындағы Жоғары технологиялық индустриалды паркіндегі автомобиль электроникасы компаниясында жұмысшылар интеллектуалды шеберханада жаңа энергетикалық көліктердің борттық электронды өнімдерін құрастырып жатыр.

Соңғы жылдары Цзянси өлкесінің Ичунь Фэнчэн қаласындағы автомобиль өнімдерін шығаратын компаниялар интеллектуалды, жасыл және интеграцияланған даму мүмкіндіктерін пайдаланып, «5G+ Өнеркәсіптік интернет», бұлтты есептеулер және жасанды интеллект сияқты цифрлық интеллекттің өндірістік қуатын қарқынды түрде арттырды. Кәсіпорындарға өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын жақсартуға, жасыл және интеллектуалды «болашақ зауыттар» салуға, дәстүрлі салаларды трансформациялау мен жаңғыртуды жүзеге асыру процесінде заманауи өнеркәсіптік жүйенің құрылысын жеделдетуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қолданды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото