Бейжіңде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Нұрғиса-Әлқисса» атты концерт өтті (12)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 мамыр
Бейжіңде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Нұрғиса-Әлқисса» атты концерт өтті

22 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 21 мамыр күні Қытайдың Астанасы Бейжің қаласында Қазақстанның көрнекті композиторы, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Нұрғиса-Әлқисса» атты мерейтойлық концерт өтті.

Мәдени іс-шараға Қытай мен Қазақстан ресми тараптарының өкілдері, Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, белгілі музыканттар, ғалымдар, екі ел арасында жұмыс жасайтын компания өкілдері қатысты.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайда Қазақстанның ұлы күйшісінің мерейтойын атап өтуді Қытай-Қазақстан екі ел достығының куәсі санайтынын айтты.

Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Қазақстан мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрі жиналған жұртшылыққа ән мен күйден шашу шашты. Концертте «Алатау», «Келе жатыр құс қайтып», «Куə бол», «Саржайлау» сынды тамаша әндер орындалды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото