- Барлық ақпарат
Игілікке бастаған бамбук шаруашылығы (6)
![]() |
26 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Бамбук өнімдері туралы сөз болғанда, сіз бірінші кезекте нені ойлайсыз?
Аньхой өлкесінің Гуандэ қаласына келсеңіз, дәстүрлі бамбук өнеркәсібі туралы түсінігіңіз толығымен жаңарады. Мұнда сабан, пернетақта, тінтуір, қырыну құралы секілді заттардың барлығы дерлік бамбуктен жасалады. Яғни, «пластиктің орнына бамбук» қағидаты жүзеге асуда — ойға не келсе, соны бамбуктен жасауға болады. Гуандэнің Дунтин ауылында тұрғындар бамбук байлығына сүйеніп, жергілікті жағдайларға сәйкес бамбук өнеркәсібін дамытқан. Мұнда бамбук өсіруден бастап, оны өңдеу мен сатуға дейін толық өндірістік тізбек қалыптасқан. Қазіргі уақытта бұл ауылда 4 ірі бамбук және ағаш өңдеу кәсіпорыны, 50-ден астам бамбук өнімдері шеберханасы бар. Бамбук өнеркәсібінің жылдық өндірістік қуаты 1,3 млрд юаньға жетті, бұл жақын маңдағы 2000-нан астам ауыл тұрғынының үй маңында жұмыс істеуіне жағдай жасады.
people.cn © People's Daily Online