Қытай кәсіпорындарының инвестициясы Орталық Азияның заманауи дамуына көмектеседі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 маусым

6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 3 маусымда Қытай-Орталық Азиялық БАҚ-тың «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапалы құру сұхбат тобы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Аймақ ауылына барып, Қытайдың Сиань Aiju компаниясының Қазақстан бөлімшесін аралап, сұхбат алды.

Ұн шығаратын цехта машина гүрілдеп, қап-қап ұндар жүк көлігіне қарай ағылып жатыр. Сапаны тексеру семинарында Орталық Азиядағы бірлескен сұхбат тобының тілшілері пештен жаңа шыққан, бидай иісі аңқыған нан өнімдерінен дәм татты. Бөлімшенің бас менеджері Фан Лунфэйдің айтуынша, олар қытайлық тұтынушылардың дастарханына жоғары сапалы қоспасыз ұн мен таза майды жөнелтумен қатар, мал шаруашылығына қажетті жем-шөп пен майлы дақылдарды да өндіреді. Сөйтіп, Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдерінің нарығын қажетті өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.

2015 жылдан бастап Aiju компаниясы Орталық Азиямен сауда барыс-келісін нығайта бастады. Астық және май саласындағы ынтымақтастық жобасы «Қытай-Қазақстан өндірістік қуаты мен инвестициялық ынтымақтастығының негізгі жобаларының тізіміндегі» бірден-бір агроөңдейтін астық жобасына айналды. Қазіргі уақытта Aiju Group Қазақстанда май тарту зауыттарын, ұн, жем, кеспе цехтарын және т.б. салуда. Сондай-ақ мұнда сақтау сыйымдылығы 100 000 тонна болатын астық қоймалары мен 6 арнайы теміржол желісі бар. Сонымен қоса, Aiju Group жергілікті фермерлердің қаражат жетіспеушілігі мен сатылымының әлсіздігі сияқты екі негізгі мәселесін шешу үшін, жергілікті аумақтан 1,5 миллион му «ауыл шаруашылығына тапсырыс беру» келісіміне қол қойды.

Қазақстандық BAQ ақпарат агенттігінің тілшісі Гүлжан Раманқұлова бұл жоба жақын маңдағы көптеген ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтығанын, ал кейбір адамдардың осында жұмыс істеу үшін өзге аймақтардан келіп қоныстанғанын жеткізді. Тілшінің айтуынша, Қазақстанда да ауылды жандандыру жобалары бар. Ал Қытайдың бұл жобасы жергілікті дамуға және халық әл-ауқатын жақсартуға тиімді ықпал етеді.

«Қытай кәсіпорындары инвестицияларының Орталық Азияның заманауи дамуына септігі тиді». Тәжікстандағы Асар Орталық Азия жаңалықтар желісінің бас редакторы Анушервон Расулов Орталық Азия мен Қытай арасындағы ынтымақтастық бүкіл аймақтың экономикалық болашағын жақсартуға көмектесетінін айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото