- Барлық ақпарат
Қытай тағы да 4 елге біржақты визасыз саясатты пилоттық режимде енгізді
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 маусым
9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгіннен бастап Қытай Сауд Арабиясы, Оман, Кувейт және Бахрейндегі қарапайым төлқұжат иелері үшін визасыз саясатты сынақ ретінде енгізді. Сөйтіп, Қытайдың біржақты визасыз «достық шеңбері» кеңейе түсті.
2025 жылдың 9 маусымынан 2026 жылдың 8 маусымына дейін жоғарыда аталған елдердің қарапайым төлқұжат иелері Қытайға іскерлік, туристік, туыстық, алмасу сапарларымен келіп, визасыз 30 күн тұра алады.
2018 жылы толығымен Қытаймен екі жақты визасыз болған Біріккен Араб Әмірліктері мен Катарды қоса алғанда, Қытай Парсы шығанағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық комитеті елдері үшін визасыздықты толық іске асырды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online