Алғашқы Қытай-Орталық Азия халықаралық туристік пойызы Сианьға оралды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 маусым

9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мен Орталық Азияның алғашқы халықаралық туристік пойызы 8 маусым күні кешкі сағат 6-да Шэньси өлкесінің орталығы Сианьға оралды.

29 мамырда бортында 200-ден астам жолаушысы бар Қытай-Еуропа пойызы Сианьнан шығып, Шыңжаң Қорғас порты арқылы Қазақстанның Алматы қаласына бағыт алды.

Пойыз Алматыға жеткеннен кейін, Сиань мен Алматы қаласы мәдени туризм алмасу апталығын өткізді. Апталықта материалдық емес мәдени мұраны көрсету, дәстүрлі Қытай медицинасын насихаттау, спорт саласындағы өзара іс-қимыл және археология саласындағы алмасу сияқты түрлі іс-шаралар атқарылды.

Халықаралық туристік пойыздың ашылуы Сиань мен Алматы арасындағы терең ынтымақтастықты жеделдетті және маршрут бойы аймақтарындағы туризмнің дамуына тиімді ықпал етті. Осылайша аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың ілгерілеуіне септігі тиді.

2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы болғаны белгілі. Ал 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.

2023 жылдың мамыр айында Қытай мен Қазақстан үкіметаралық өзара визадан босату туралы келісімге қол қойды. Бұл сол жылдың қараша айында ресми түрде күшіне енді.

Қазақстан қытайлық туристер үшін танымал елге айналуда. Статистикаға сүйенсек, 2024 жылдың соңына қарай Қазақстанға барған қытайлық туристер саны 655 000-ға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78%-ға артқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото