Лос-Анджелесте түнгі тәртіпсіздіктерден кейін жағдай тұрақтала бастады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 маусым

Лос-Анджелестегі жағдай түнгі тәртіпсіздіктерден соң тұрақтала бастады, деп мәлімдеді Лос-Анджелес округі кеңесінің төрағасы Хильда Солис CNN телеарнасына берген сұхбатында.

- Бұл хаос пен қираудың алдын алу үшін адамдарды қаладан кетуге шақыру немесе эвакуациялау керек болған төтенше жағдай еді. Қазір бұл бұйрық тоқтатылды, -деді Солис.

Оның сөзінше, қалаға апаратын негізгі магистральдардың кіретін және шығатын жерлері жабық, ал адамдар шетіен жұмыс орындарына орала бастады.

Округ кеңесінің басшысы наразылық білдірушілерді сабыр сақтауға шақырды.

- Бізге бәрібір, біз бір-бірімізді де, қаланы да аямаймыз деген айқайға ерудің керегі жоқ. Бізге бұл қажет емес. Біз бейбітшілікті қалаймыз, - деді Солис.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото