- Барлық ақпарат
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қытайдың сыртқы саудасы 2,5%-ға өсті
10 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Ресми деректер көрсеткендей, осы жылдың алғашқы бес айында Қытайға тауарлардың жалпы импорты мен экспорты (юаньмен есептегенде) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға өсіп, 17,94 триллион юаньға (шамамен 2,5 трлн АҚШ доллары) жеткен.
Осы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қытай 10,67 триллион юаньды құрайтын тауар экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға жоғары; ал импорт көлемі 7,27 триллион юаньды құрап, 3,8%-ға азайды.
Мамыр айында юаньмен есептегенде, елдің сыртқы сауда импорты мен экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға ұлғайған.
Оның ішінде тауар экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға өсіп, ал импорт 2,1%-ға қысқарды.
people.cn © People's Daily Online