- Барлық ақпарат
Қазақстан халықаралық әуежайларда QR-қызметті енгізді
ҚР Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ҚР Премьер-Министрдің тапсырмасы аясында Қазақстандағы барлық халықаралық әуежайларда QR-код жүйесін енгізді. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.
QR-код шетелдік туристерге қажетнегізгі қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, электронды SIM-карта, ресми такси қызметтері, қонақ үйлерді онлайн брондау, шетел азаматтарын тіркеу тәртібі және өңірдегі басты туристік нысандар туралы ақпаратты қамтиды.
Жаңа жүйе туристерді алаяқтардан қорғауға, әсіресе такси, байланыс, валюта айырбастау және басқа да қызмет түрлерінде кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Бұл бастама туристерге қаланы оңай аралауға және қажетті ақпаратты жедел алуғакөмектеседі.
people.cn © People's Daily Online