- Барлық ақпарат
ChatGPT қызметінде жаһандық ақау: миллиондаған пайдаланушы жүйеге кіре алмай қалды
Бүгін бүкіл әлем бойынша пайдаланушылар OpenAI компаниясы жасаған танымал жасанды интеллект қызметі – ChatGPT жүйесіне кіре алмай қалды. ChatGPT істен шықты, деп жазды Kazinform тілшісі.
Мыңдаған адам жүйеге кіре алмай, хабарлама жібере алмай сондай-ақ чат-боттан жауап ала алмадық деген мәселелерді алға тартып, шағымданды. Экранда «Бірдеңе дұрыс болмады» немесе «Желіде қате болды» деген қате хабарламалары шыға бастады. Мұндай ақаулар OpenAI API негізінде кәсіби құралдарды пайдаланушыларға да білінген.
Ақау OpenAI-дің басқа өнімдеріне де әсер етті, соның ішінде бейне генерациялау жүйесі Sora, сондай-ақ үшінші тарап платформаларына енгізілген құралдар да бар.
OpenAI компаниясы бұл мәселеге шұғыл жауап беріп, өз жүйелерінде қателер мен кідірістердің көбейгенін растады. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, мамандар ақаудың себебін анықтауға тырысып, жүйенің тұрақты жұмысын қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Кәсіби, білім беру және күнделікті өмірде ChatGPT-ті тұрақты пайдаланатын миллиондаған адам үшін бұл жағдай жұмыс үдерісіне елеулі кедергі келтірген.
people.cn © People's Daily Online