Қорғастағы трансшекаралық электронды коммерция бойынша студенттер тәжірибесін аяқтады (5)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 маусым
Қорғастағы трансшекаралық электронды коммерция бойынша студенттер тәжірибесін аяқтады

30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Қорғас халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы трансшекаралық электронды коммерция бойынша тәжірибеден өтетін студенттердің алғашқы тобын қабылдаған болатын.

Жақында Халықаралық Қазақстан-Қытай тіл институтының 32 студенті «Қорғас трансшекаралық ынтымақтастық орталығында» үш айлық трансшекаралық электронды коммерция тәжірибесі бойынша практикант болған еді. Тағылымдама барысында қазақстандық студенттер тауарларды эфирде тікелей сату дағдыларын меңгерді, қысқа бейне платформалардағы аккаунттардың жұмысын және трансшекаралық логистиканы басқаруды үйренді, сондай-ақ тұтынушыларға екі елдегі танымал өнімдерді эфир желісінде қазақ және қытай тілдерінде таныстыруды тәжірибеден өткізді.

Практикант Арна Әлібек Қорғаста трансшекаралық электронды коммерция, тікелей эфир, қысқа бейне түсіру және тарату туралы үйренгенін айтты. Егер мүмкіндік болса, ол Қытайдың электронды коммерция қаласы Ханчжоуға барып, қазақстандық өнімдерді насихаттағысы келеді. Соңғы жылдары Орталық Азияның қарқынды дамып келе жатқан электронды коммерция нарығы әлемдік электронды коммерция практиктерінің қызығушылығын тудырды. Орталық Азия нарығын зерттеуге ұмтылатын көптеген қытайлық компания үшін Қазақстан - Орталық Азиядағы бірінші таңдау.

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото