- Барлық ақпарат
Жеменей порты шекара сызығындағы көркем көрініске айналды (3)
2 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Кедендік рәсімдеу жарты сағаттан аз уақыт ішінде аяқталды, біз отбасымызбен Қазақстанға өз көлігімізбен саяхаттап барамыз», - деді 30 маусымда Алтай қаласынан келген турист Қадылбек Нүсіпқан. Жаз ортасында Қытай, Қазақстан, Ресей, Моңғолия сияқты төрт елідің түйіскен жерінде орналасқан бұл ғасырлық сауда порты көлік қозғалысы мен туристерге толы болды. Бірегей географиялық артықшылықтарымен және саяси дивидендтерімен ол Орталық Азия бағытына қарай трансшекаралық туризм үшін «алтын арнаға» айналды.
Қытай мен Қазақстанның визасыз саясаты және порт қызметтерін үнемі жетілдіріп отыру шараларының арқасында Жеменей порты көркейе түсті. Жеменей кедендік кешенді бизнес бөлімі бастығының орынбасары Жігер Жүнісбектің таныстыруынша, осы жылдың алғашқы бес айында Жеменей кедені 30 000-нан астам кіріп-шыққан туристі тіркеген, өз көліктерімен ел аттап сапарлайтындардың саны өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 81%-ға өскен, оның ішінде қазақстандық туристер 80%-дан асады. Демалыс күндері бір күндік жолаушылар ағыны 600 адамға жеткен, бұл - жаңа рекорд. Өз көлігімен саяхаттайтындар, Орталық Азияның туристік топтары және маусымдық арнайы маршруттар өсудің негізгі үш қозғалтқышына айналды. Туристер Қытай-Қазақстан шекарасындағы биік тауларды бағындыра алады немесе қыста «адамзат шаңғысының бастауы» Алтайды аралап, «бір күнде екі мемлекетті аралаудың» қызығын көре алады.
people.cn © People's Daily Online