Шыңжаңдық қыз Тяньаньмэнь алаңына келіп, ту көтеру рәсіміне қатысты (8)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 тамыз
Шыңжаңдық қыз Тяньаньмэнь алаңына келіп, ту көтеру рәсіміне қатысты

6 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Көптеген қытайлық балалардың ортақ арманы - Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында ту көтеру рәсіміне өз көздерімен куә болғысы келеді. Жақында Шыңжаңның Хотан аймағындағы Шеря ауданының бастауыш сынып оқушысы Патимахан Пархаттың бұл тілегі орындалды.

Патимахан - Мемлекеттік электр желісі Шыңжаң электр энергетикасы ұйымдастырған Шыңжаң жасөспірімдеріне арналған жазғы лагерьдің мүшесі. Ол 30-дан астам жергілікті жасөспірімдермен 11 күндік үйрену сапарына шыққан болатын. Патимахан алғаш рет Такламакан шөлінің жанындағы шағын ауданнан алысқа аттап шығып, пойыз және ұшаққа отырып, 4000 шақырымнан астам жол жүріп, Бейжіңге жетті.

26 шілдеде таңертең мемлекеттік әнұран шырқалып, бес жұлдызды қызыл ту жоғары көтерілген кезде Патимахан салтанатты түрде салют жасап, тебіренгенінен көз жасына ерік берді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото