Хоххот қаласында Қытай-Ресей-Моңғолия мәдени туризмді ілгерілету жөніндегі халықаралық конференция өтті (6)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 тамыз
Хоххот қаласында Қытай-Ресей-Моңғолия мәдени туризмді ілгерілету жөніндегі халықаралық конференция өтті

28 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 26 тамызда Хоххот қаласында Қытай-Ресей-Моңғолия «Ұлы шай жолы» мәдени туризмді ілгерілету жөніндегі халықаралық конференция өтті. Кездесуге Қытайдан, Ресейден, Моңғолиядан және Қазақстаннан 200-ден астам адам қатысып, «Ұлы шай жолының» тарихи және мәдени құндылығы, Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне ұсыну барысы және туристік ынтымақтастық туралы терең пікір алмасып, бірқатар маңызды нәтижені жариялады.

Кездесуде Қытай-Ресей-Моңғолия «Ұлы шай жолы» Халықаралық мәдени туризм альянсына Мәскеу және Қазан қалалары екі жаңа мүше болып тіркелді. Қазіргі уақытта альянста Қытайдан, Ресейден және Моңғолиядан барлығы 26 мүше бөлімше бар.

Ұлы шай жолы XVII ғасырдың аяғынан XX ғасырдың басына дейін жалғасқан. Сонымен қатар ежелгі Жібек жолынан кейінгі Еуразиядағы тағы бір маңызды халықаралық сауда жолы болған, ол қазіргі Қытай, Моңғолия және Ресей аумағын қамтиды, ұзындығы шамамен 14 000 шақырым.

Ұлы шай жолы тек сауда арнасы ғана емес, сонымен қатар ішкі Қытай пен Шыңжаңның солтүстігін, Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени алмасулар мен өзара үйрену үшін маңызды көпір саналады. Ішкі Моңғол – «Ұлы шай жолының» маңызды түйіні.

Соңғы үш жылда Ішкі Моңғолдың Мәдени жәдігерлер және археология институты Ішкі Моңғолдағы Ұлы шай жолына қатысты орындар мен маршруттарға жүйелі түрде археологиялық зерттеу жүргізді, зерттеулер Ұлы шай жолының 7 негізгі бағытын сұрыптады.

2019 жылы Мемлекеттік Мәдени жәдігерлер басқармасы Ұлы шай жолын «Қытайдың дүниежүзілік мәдени мұрасының дайындық тізіміне» енгізді. 2023-2025 жылдар аралығында Ішкі Моңғол автономиялық регионының Мәдени жәдігерлер және археология институты Ішкі Моңғолдағы «Ұлы шай жолын» археологиялық зерттеу жобасын жүзеге асырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото