- Барлық ақпарат
Си Цзиньпиннің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 25-інші отырысындағы маңызды сөзі (9)
![]() |
1 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 1 қыркүйекте Тяньцзиньде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 25-інші отырысына қатысып маңызды сөз сөйледі.
1, 24 жыл бұрын, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрылғаннан кейін, өзара сенім, өзара тиімділік, теңдік, консультация, мәдениеттің көптүрлілігін құрметтеу, ортақ дамуға ұмтылу сынды «Шанхай рухы» орнады. Соңғы 24 жыл ішінде мүше мемлекеттер осы бастапқы ниетті ұстанып, мүмкіндіктерімен бөлісті және ортақ дамуға ұмтылып, ШЫҰ құрылысы мен ынтымақтастығы бірқатар жаңашыл жетістіктер мен тарихи табыстарға жетті.
2, Айырмашылықтарды сақтай отырып, ортақ тіл табуға табанды болу. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығы достар және серіктестер. Олар бір-бірінің айырмашылықтарын құрметтеуі, стратегиялық қарым-қатынасты сақтауы, ұжымдық консенсусқа қол жеткізуі, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуы, ынтымақтастық аясын кеңейтуі, әртүрлі елдердің артықшылықтарын тиімді пайдалануы және аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылықты, дамуды, өркендеуді ілгерілету жауапкершілігін бірлесіп өз мойнына алуы керек.
3, Өзара тиімді ортақ ұтысқа жету ұстанымына берік болу. Даму стратегияларын терең ұштастырып, «Бір белдеу, бір жолды» сапалы құруда «бірге ақылдасу, бірге салу, бірге бөлісу» жолымен аймақтық дамудың серпінін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Аса ірі нарық артықшылықтарын және мүше мемлекеттердің бір-бірін толықтыратын экономикалық артықшылықтарын пайдалана отырып, сауда мен инвестицияны жеңілдету деңгейін арттыру, энергетика, инфрақұрылым, жасыл өнеркәсіп, цифрлық экономика, ғылыми-техникалық инновация, жасанды интеллект және басқа салалардағы ынтымақтастықты нығайту.
4, Ашықтық пен толеранттылыққа табанды болу. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер мәдени алмасуларда бір-бірімен етене болуы, экономикалық ынтымақтастықта бір-біріне толық қолдау көрсетуі керек.
5, Әділдік пен әділеттілікті берік ұстану. Екінші Дүниежүзілік соғыс тарихына дұрыс көзқарасты насихаттау, қырғи-қабақ соғыс пиғылына және топ құрып қоқанлоқы жасауға қарсы болу керек. БҰҰ-ны өзек еткен халықаралық жүйені қорғау, ДСҰ-ны негіз еткен көпжақты сауда жүйесін қолдау керек. Тең және реттелген көпполярлы әлемді, тиімді және инклюзивті экономикалық жаһандануды жақтау, әділетті және үйлесімді жаһандық басқару жүйесін құруға ықпал ету керек.
6, Прагматизм мен тиімділікті ұстану. ШЫҰ-ны реформалауды жалғастырып, ресурстарға инвестициялар мен әлеуетті арттыруды күшейту, ұйымдық механизмді жетілдіру, шешім қабылдауды ғылыми және іс-әрекеттерді тиімді ету керек. Қауіпсіздік қатері мен сын-тәуекелдерге ден қоюдың кешенді орталығы мен есірткіге қарсы күрес орталығын мүмкіндігінше тезірек ашу, ШЫҰ даму банкін тезірек құрып, мүше мемлекеттер арасындағы қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастыққа күшті қолдау көрсету керек.
7, Осы уақытқа дейін Қытай ШЫҰ елдеріне 84 миллиард АҚШ долларынан асатын инвестиция салды. Мүше мемлекеттермен екіжақты сауданың жылдық көлемі 500 миллиард АҚШ долларынан асты.
8, Қытай сұранысы бар елдерге күнкөрісті қамтамасыз ету бойынша 100 «шағын және әлеуетті» жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Биыл мүше мемлекеттерге 2 миллиард юань көлемінде тегін көмек көрсету, алдағы үш жылда банк консорциумының мүше банктеріне қосымша 10 миллиард юань несие беру, келесі жылдан бастап ШЫҰ қолданыстағы негізде берілетін арнайы стипендиялардың санын екі есеге көбейту, ШЫҰ докторанттарын инновациялық оқыту жоспарын жүзеге асыру, көрнекті академиялық ғылыми зерттеу таланттарын тәрбиелеу және алдағы бес жылда мүше мемлекеттерде 10 «Лубань шеберханасын» салып, адами ресурс бойынша 10 000 адамды тағылымдамадан өткізу жоспарланып жатыр.
people.cn © People's Daily Online