- Барлық ақпарат
Әлемдегі ең үлкен арқалықты аспалы көпір — Чантай Янцзы өзені үлкен көпірінде көлік қатынады (7)
10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қыркүйекте әлемдегі ең үлкен арқалықты аспалы көпір — Чантай Янцзы өзені үлкен көпірі көлік қозғалысы үшін ашылды. Чантай Янцзы өзені үлкен көпірі жоғары және төмен деп екі қабатқа бөлінеді. Ол Цзянсу өлкесінің Чанчжоу қаласы мен Тайчжоу қаласын байланыстырады. Мәліметтерге сәйкес, көпірдің өзен арқылы өтетін бөлігінің жалпы ұзындығы 10,03 шақырым болады. Ол бір негізгі каналды кесіп өтетін 1208 метрлік болат ферма аспалы көпірінен, арнайы су жолдары арқылы өтетін 388 метрлік екі болат ферма доғалы көпірінен және 3×124 метр кеме жүрмейтін саңылаулы болат ферма көпірден құралған. Сөйтіп, бұл ең үлкен аралықтағы аспалы көпір және ең үлкен аралықтағы тасжол мен теміржол екі мақсатта қолдануға болатын болат доғалы көпірі бойынша әлемдік рекорд орнатты.
people.cn © People's Daily Online