- Барлық ақпарат
Қытай ғарыштық туризмнің алғашқы қайта пайдалануға болатын ұшағын шығарды (3)
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 қыркүйек
![]() |
11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қыркүйекте Zhongke аэроғарыштық технологиялар компаниясы Гуанчжоуда Қытайдың ғарыштық туризміне арналған толығымен қайта пайдалануға болатын алғашқы ұшағы «Лихун» сериясын шығарды. Ұшақ 30-дан астам рет қайталап ұшуды орындай алады, жоғары сенімді және қолжетімді ғарыштық туризм қызметтерін ұсына алады.
Компанияның вице-президенті Ян Хаолянның айтуынша, бұл ұшақ 2028 жылы ғарыштық туризм қызметтеріне ұсынылады деп күтіліп отыр. Ұшақ бір уақытта 7 жолаушыны тасымалдай алады. Ол «Карман сызығынан» өтіп, жолаушылар үшін шамамен 4 минут бойы салмақсыздықты сезінуге мүмкіндік береді.
Сурет Zhongke аэроғарыштық технологиялар компаниясынан
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online