- Барлық ақпарат
Сянган әуежайының басқармасы Орталық Азиядағы екі ынтымақтастық серіктеспен авиациялық ынтымақтастықты нығайту аясында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 қыркүйек
15 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сянган әуежайының басқармасы Қазақстандағы Шымкент әуежайымен және Өзбекстан әуежайы көмпаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсімі 11 қыркүйекте Сянган арнайы әкімшілік регионында өтті. Сянган әуежайы басқармасының ресми сайтының хабарлауынша, бұл қадам аймақтық авиациялық байланыстарды дамытуға және азаматтық авиацияның көп салалы ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.
Сянган әуежайлары басқармасының бас атқарушы директоры Чжан Лицзяхуэй Орталық Азия елдері мен Сянган арасында рейстердің көбірек ашылуына ықпал ету мақсатында әртүрлі іскер серіктестермен меморандумдар алмасу үлкен мәртебе екенін айтты.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online