- Барлық ақпарат
Қазақстанның Астана қаласында Сыр өңірінің жәрмеңкесі өтіп жатыр
Қыркүйектің 13-14 -і күндері Қазақстанның Астана қаласында Қызылорда облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып жатыр деп жазды Kazinform.
Жәрмеңкеге 50 жүк көлігіне тиелген 60-қа жуық тауарөндірушінің құны 200 млн теңге болатын 500 тоннаға жуық өнімі әкелінген.
Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет, 20 тоннадай балық, 160 тонна бақша өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізілді.
Сондай-ақ, жәрмеңке аясында Сыр елінің өнерпаздары қатысқан мәдени-танымдық концерттік бағдарлама Астаналықтарға ерекше көңіл-күй сыйлады деп жазды тілші.
Хабарға сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік қолдауының арқасында бұл аймақтың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылған.
people.cn © People's Daily Online