Өзбекстан мектептерінде жасанды интеллект пәні енгізіледі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 қыркүйек

2026 жылдан бастап өзбекстандық оқушыларға жасанды интеллект негіздерін оқыту жоспарланып отыр. Бұл туралы Өзбекстан президентінің төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Жиын барысында Шавкат Мирзиёев балаларға мектеп жасынан бастап ақпараттық технологияларды үйретудің маңызына тоқталды. Атап айтқанда, ол жауапты ведомство басшыларына келесі жылы 2 000 сыныпты компьютермен жабдықтап, 6 300 интерактивті тақта орнату бойынша тапсырма берді.

Мұнымен бірге, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында өңірлерде мамандандырылған мектептердің филиалдары ашылады. Оларда ақпараттық технологиялар, инженерлік бағыт және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім берілмек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото