«Алтын панда» марапаты: Азамат Дулатов кино бөліміндегі үздік операторлық жұмыс номинациясын жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 қыркүйек

15 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 13 қыркүйекте Сычуаньның Чэнду қаласында екінші «Алтын панда» марапатының финалы - «Алтын панда» салтанатты іс-шарасы өтіп, 27 сыйлық табыс етілді. Марапатқа ие болғандардың ішінде қазақстандық Азамат Дулатов та бар. Ол «Қаш» фильмімен үздік операторлық жұмыс номинациясын жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, 12-13 қыркүйек аралығында Чэнду қаласында халықаралық кино және теледидар мәдениеті марапаты — екінші «Алтын панда» марапаты өткені туралы жазған едік.

Жобаны Қытайдың Әдеби және көркемөнер үйірмелері федерациясы мен Сычуань өлкесінің халық үкіметі өткізді. 13 қыркүйек күні кешке фильмдер, телехикаялар, деректі фильмдер мен мультфильмдердің төрт негізгі номинациясы бойынша, сондай-ақ қазылар алқасының арнайы жүлдесі бойынша барлығы 27 марапат жарияланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото