- Барлық ақпарат
Куньмин қаласында 2025 жылғы «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастық форумы өтті
16 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылғы «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастық форумы 16 қыркүйекте Юньнань өлкесінің Куньмин қаласында өтті. Кездесуге 87 елден, халықаралық және аймақтық ұйымдардан, 165 БАҚ пен мекемелерден 200-ден астам шетелдік өкілдер қатысты.
Қатысушылар ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылы «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп салу бойынша ірі бастаманы ұсынғаннан бері «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу жемісті нәтижелерге қол жеткізді, сондай-ақ танымал халықаралық қоғамдық өнімге және халықаралық ынтымақтастық платформасына айналды деп санайды. Жақында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы+» конференциясында жаһандық басқару бастамасын ұсынды, ол неғұрлым әділ және ақылға қонымды жаһандық басқарудың жүйесін құру үшін Қытай даналығын қосып, қытайлық шешімдерді ұсынды, сонымен қатар «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада салуда жаңа, үлкен даму кеңістігін ашты.
Қатысушылар әр түрлі елдердің бұқаралық ақпарат құралдары ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп, Жібек Жолы рухының жақсы тәжірибесі мен насихаттаушылары болып, теңдік, өзара үйрену, диалог және кең өркениетті тұжырымдамасын белсенді түрде таратуы керек екенін айтты; даму жетістіктерінің жақсы жазушылары мен баяндаушылары болып және «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу құрылысының жарқын тәжірибесі туралы егжей-тегжейлі айтуды жалғастырып, тең ұтысқа жететін ынтымақтастық үшін оң энергияны кеңінен топтау қажет екенін жеткізді; Өркениеттердің өзара өнеге алуының қатысушысы және насихаттаушысы болып, үздік ақпараттық туындылар арқылы түсіністікті арттырып, кедергілерді бұзып, көптің күшін топтап, тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құрудың тағанын тіпті де бекемдеу керек екенін айтты.
Форумды «Халық газеті», Юньнань өлкесі ҚКП комитеті және Юньнань өлкелік Халықтық үкіметі өткізді. «БАҚ міндеттерін бірге көтеріп, өркениеттердің өзара өнеге алуына ықпал ету» тақырыбымен ашылу салтанаты, негізгі форум, «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастық диалогы және басқа да кіші форумдар, екінші халықаралық коммуникация «Жібек Жолы сыйлығы» марапаттары, АСЕАН және Қытай, Жапония, Корея (10+3) медиа ынтымақтастық семинарлары, сондай-ақ басқа іс-шаралар өткізілді. Кездесуден кейін форумға қатысқан қытайлық және шетелдік БАҚ қонақтары Юньнаньда және басқа өлке, облыстар мен қалаларда бірлескен сұхбаттар өткізеді.
«Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастық форумы 2014 жылы құрылғаннан бері 9 рет сәтті өткізілді. Кездесуге «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салудың жоғары сапалы дамуына ықпал ету мақсатында 100-ден астам ел мен аймақтан 1000-нан астам шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері шақырылды.
people.cn © People's Daily Online