- Барлық ақпарат
Екінші халықаралық коммуникация «Жібек жолы» сыйлығының марапаттау рәсімі өтті
16 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Юньнань өлкесінің Куньмин қаласында өткен 2025 жылғы «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастық форумында екінші халықаралық коммуникация «Жібек жолы» сыйлығының марапаттау рәсімі өтті.
Академиялық комитеттің алғашқы бағалауынан, бағалау комитетінің қорытынды бағалауынан және «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар ынтымақтастығы альянсының басқарушы бөлімшесінің талқылауынан кейін Еуропалық Одақ тілшілерінің мультимедиа тобының бас редакторы Колин Стивенстің «Қытайдың «Бір белдеу, бір жолы»: қабырға емес, көпірлер салды», Аргентина фотографтары Ренато Валентини мен Россио Байонның «CRRC жаңа энергетикалық пойызы Джуджуйге келді», Армения ақпарат агенттігі түсірген «Менің арман кітабым» және Египеттің ұлттық телеарнасы мен Орталық Радио және теледидар басқармасы бірлесіп түсірген «Перғауын Саньсиндуймен кездескенде» атты деректі фильмі үздік репортаж, үздік фотосурет, үздік бейнебаян және үздік инновация сыйлығын жеңіп алды.
Екінші халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығы» іріктеуін «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар ынтымақтастық альянсы ұйымдастырды және альянстың атқарушы мекемесі «Халық газеті» жетекшілік етіп, ұйымдастырды. Марапаттар үздік репортаж сыйлығы, үздік фотосурет сыйлығы, үздік бейнебаян сыйлығы және үздік инновация сыйлығы сынды төрт үлкен санатқа жіктелді. 2024 жылдың сәуірінде ресми түрде қабылдау басталған сәттен бері 110 мемлекет пен аймақтан шамамен 5000-ға жуық жұмыс ұсынылған. Нәтижесінде 37 елден 58 жұмыс марапатталды. Оның ішінде: 4 бас жүлде, 16 номинациялық сыйлық және 38 финалға кірген жұмыс бар.
«Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар ынтымақтастығы альянсы «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құратын елдер мен аймақтардың медиа ұйымдарынан тұрады. Бұл – «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастығы шеңберіндегі маңызды медиа ынтымақтастық платформасы. Халықаралық коммуникация «Жібек жолы» сыйлығы – осы альянстың негізгі брендтік жобасы әрі «Бір белдеу, бір жол» көпжақты ынтымақтастық шеңберіндегі жалғыз халықаралық журналистік сыйлық. Екінші «Жібек жолы» сыйлығын іріктеу үшінші «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумының көпжақты ынтымақтастық нәтижелері құжаттарының тізіміне енгізілді.
people.cn © People's Daily Online