Қазақстан Астанасы мен 15 облысында дауылды ескерту жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 қыркүйек

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 15 өңір мен Астанада қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп жазды Kazinform.

Астана

Күннің екінші жартысында найзағай ойнайды.

Абай облысы

Түнде және таңертең солтүстігінде, орталығында тұман болады. Күндіз оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде шығысында, орталығында 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Ақмола облысы

Таңертең және күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз батысында, оңтүстігінде шығыс, солтүстік-шығыс желі соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік болады.

Ақтөбе облысы

Солтүстігінде, шығысында күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысы

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде солтүстігінде, шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Жамбыл облысы

Таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр жауады. Түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай болады. Күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

Таулы аудандарында тұман болады. Шығысында, солтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. 16-18 қыркүйек аралығында облыста төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысы

Шығысында өрт қаупі жоғары, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

Түнде батысында, оңтүстігінде кейде қатты жаңбыр жауады. Күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

Оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман болады. Батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

Түнде солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең солтүстік-батысында тұман болады. Оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысы

Солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

Күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай болжанады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото