Жыл басынан Қазақстанда неше фильм түсірілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 қыркүйек

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті осы жылы Қазақстанда түсірілген фильмдерге қатысты түсінік берді деп жазды Kazinform.

- Биыл Қазақстанның қолдаумен Кино орталығы арқылы 15 киножоба түсірілімге жіберілді, - делінген ҚР Мәдениет комитетінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Олардың ішінде:

8 көркем фильм: «Ақжелең», «Бүркітші», «Дни», «Кенжем қайда?», «38», «Тревожная ночь», «Сағындым сені», «Мұғалім»;

2 деректі фильм: «Венера. Баладан – бақ, қамыстан – құт», «Батыл бол»;

3 анимациялық фильм: «Адамзатқа іздеу саламын», «Жібек», «Команда А.».

Сонымен қатар, түсірілімде өткен жылдан өтпелі 2 киножоба бар, яғни «Победителей видно на старте» (бірлескен жоба) көркем фильмі, «Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі бар.

- Қазірге дейін жоғарыда аталған 5 көркем фильмнің түсірілім жұмыстары бітіп, олардың толық аяқталу мерзімі 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар 1 деректі фильмнің түсірілімі толық аяқталып, қалған киножобалар әлі өндірісте, - деп аталып өткен ақпаратында.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото