Шыңжаң Құмыл аймағы Орталық Азия елдерімен тығыз байланыс орнатты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 қыркүйек

16 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңның Құмыл қаласында 19-ыншы «Қауын фестивалі» өтті. Онда 270-тен астам қауын сорттары көрсетіліп, көптеген қытайлық және шетелдік туристердің қызығушылығын тудырды.

Құмыл-ежелгі Жібек Жолындағы маңызды қала және қауындарымен әйгілі. Жергілікті жерде жарық жеткілікті. Күн мен түн арасындағы температураның айырмашылығы жоғары. Бірегей климаттың арқасында жоғары сапалы қауын өсіруге мүмкіндік мол. Соңғы жылдары «Қауын фестиваліне» сүйене отырып жергілікті жерде ауылшаруашылық технологиялары мен мәдени алмасулардың екі бағытта дамуы ілгеріледі.

Қытай мен Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да Орталық Азия елдері өзара қауын гермплазмасының ресурстарымен алмасты. Сондай-ақ, селекциялық ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асырып, қауынның жоғары сорттары Орталық Азияға сәтті шығарылды.

Фестиваль барысында Құмылда бірқатар мәдени инновациялық жобалар іске қосылды. Іс-шара кезінде халықаралық деңгейде концерт ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Құмыл 9,8534 миллион турист қабылдады. Ал туризмнен түскен табыс сәйкес мерзіммен салыстырғанда 23,22%-ға өсті.

Өзбекстанның ежелгі Хива қаласында да осындай «Қауын фестивалі» аталып өтеді. Бұл мерекелер бір-бірімен үндесіп халық жүрегін тоғыстырып, салалардың өзара байланысын арттырды.

Сарапшылардың пікірінше, екі тарап академиялық алмасуды тереңдете отырып ауыл шаруашылығы мамандары мен тарихшыларды бір-бірінің елдеріне жібере алады, сонымен қатар, Жібек Жолы қауын жәрмеңкесі мен азық-түлік мәдениеті фестивалін бірлесіп ұйымдастырып, «Қауын сапары» трансшекаралық туристік бағыттарын құруға әлеуетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото