Алатаудағы қоқыс полигонындағы өртке байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 қыркүйек

Қазақстанның Алатау қаласында қоқыс полигонындағы өрт салдарынан жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау мәселесі қаралуда. Бұл туралы Kazinform мәлім етті.

Еске салайық, 15 қыркүйек күні Алматы маңындағы қоқыс полигонында өрт шыққан. Өрт 35 гектар аумақтың шамамен 10 гектарын шарпыған.

Оқиға Алматы – Өскемен автожолының 35-шақырымында, Алатау ауылы маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында болған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото