Ақөзен жайлауында «көктен пішен» жауды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 қыркүйек

17 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңдағы Іле Қазақ автономиялық облысы Нарат жайлауында күз басында шөп шабу жұмыстары қызу жүріп жатты. Алайда биыл шабындықта шалғы тартып, шөпті атпен сүйреп жүрген малшыларды көрмейсің. Дәстүрлі маусымдық шаруаны қазір заманауи техникалар атқаратын болған. Бақташылар бума-бума пішенді қоражайға дрондармен тасымалдап жүр.

Beidou жоғары дәлдіктегі позициялау жүйесімен жабдықталған бұл дрондар өз маршруттарын автоматты түрде жоспарлай алады. Қуатына қарай бір уақытта 50 кг, 70 кг және 100 кг шөп бумаларын еркін көтеріп тасиды.

Малшылар шабылған шөпті бумаларға шақтап дайындайды. Ал қалған істі дрондар бітіреді. Дрондар радар арқылы жер жағдайын анықтап, кедергілерді еңсеріп, шөп бумаларын алдын ала белгіленген маршрут бойынша таси береді.

Малшылар қолында смарт терминалы бар экранды түртсе жеткілікті, қашықтағы ұшатын жабдық автоматты түрде іске қосылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото