2025 жылдың алғашқы 10 айында Шыңжаң 299 миллион турист қабылдады (4)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 қараша
2025 жылдың алғашқы 10 айында Шыңжаң 299 миллион турист қабылдады

21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының Мәдениет және туризм басқармасының басшысы Гүли Абілем 20 қарашада өткен баспасөз мәслихатында Шыңжаң 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында барлығы 299 миллион турист қабылдағанын және туризмнен 343,278 миллиард юань табыс түскенін айтты. Бұл көрсеткіштер сәйкесінше 8,47% және 8,78%-ға өсіп, тұрақты өсу үрдісін жалғастырып, жергілікті экономикалық және әлеуметтік дамуға тиімді ықпал еткен.

Деректер Шыңжаңның туристерді қабылдау ауқымы кеңеюін жалғастырып жатқанын көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, 2012 жылы 48,6 миллион саяхатшы келсе, 2024 жылы олардың саны 302 миллионға дейін өскен. Бұл дамудың қарқынды екенін дәлелдейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото