Волейболдан Қытай әйелдер құрамасының бұрынғы бас бапкері Лан Пин Халықаралық Олимпиада Комитетінің өмірлік жетістік сыйлығын еншіледі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 қараша

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Волейболдан Қытай әйелдер құрамасының бұрынғы бас бапкері Лан Пин 24 қарашада Халықаралық Олимпиада Комитетінің штаб-пәтерінде 2025 жылғы халықаралық олимпиада комитетінің бапкерлер саласы бойынша өмірлік жетістік сыйлығымен марапатталды. Онымен бірге кубалық күрес бапкері Диас марапатталды.

64 жастағы Лан Пин волейболдан олимпиаданың алтын медалін ойыншы ретінде де, бапкер ретінде де жеңіп алған әлемдегі алғашқы спортшы. 1984 жылы ол Лос-Анджелес олимпиадасында волейболдан Қытай әйелдер құрамасының құрамында алтын медальға ие болса, ал 2016 жылғы Рио олимпиадасында Қытай әйелдер волейболының бапкері ретінде алтын жеңіп алды. Сонымен қатар, Лан Пин волейболдан Қытай әйелдер құрамасының және АҚШ әйелдер құрамасының бапкері ретінде Олимпиаданың күміс медалін еншіледі.

2021 жылдан бастап Лан Пин Бейжің педагогика университетінде оқыту жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар Қытай Волейбол қауымдастығы төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Лан Пин: «Мен спортшы болсам да, бапкер болсам да, әлемнің қай елінде жүрсем де, мағыналы іспен айналысып, арманымды жүзеге асырып келемін», - дейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото