«Шэньчжоу-22» ғарыш кемесінің ұшыру миссиясы сәтті орындалды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 қараша

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженерия басқармасының мәліметі бойынша, бүгін Цзюцюань спутниктік ұшыру орталығында «Шэньчжоу-22» ғарыш кемесі ұшырылды. Ғарыш кемесі мен зымыран сәтті бөлініп, жоспарланған орбитаға шықты және ұшыру миссиясы толығымен орындалды.

«Шэньчжоу-22» ғарыш кемесі ғарыш станциясына ұшқышсыз аттанды. Оған ғарыштық азық-түліктер мен дәрі-дәрмектер, балғын жемістер мен көкөністер, «Шэньчжоу-22» ғарыш кемесінің иллюминаторларындағы жарықтарды жоюға арналған құрылғылар және ғарыш станциясына қажетті қосалқы бөлшектер тиелді.

Бұл Қытайдың басқарылатын ғарыш бағдарламасының алғашқы шұғыл ұшыру миссиясы болатын. «Шэньчжоу-22» ғарыш кемесі «Шэньчжоу-21» экипажының оралуы үшін «жаңа көлік» болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото