2026 жылғы Қытай жаңа жылына арналған «жылқы тұмары» жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 қараша

26 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы Қытай жаңа жылы (яғни, дәстүрлі көктем мерекесі) жақындап келеді, 2026 жыл Қытай жыл қайыруы бойынша жылқы жылына сәйкес келеді.

Қытайдың Мәдениет және туризм министрлігі 2026 жылғы көктем мерекесіне арналған «Жылқы тұмарын» шығарды.

Бұл жолғы «Жылқы тұмары» дизайны Шығыс Хан патшалығының қола тұлпарынан шабыт алған. Шығармашылық барысында дизайнер Тан дәуірінің (618-907) картиналарындағы жылқы бейнесінің эстетикалық элементтерін де енгізді. Негізгі түс ретінде ашық қызыл түсті таңдап, дәстүрлі өрнекпен безендірілді, осы арқылы көктем мерекесінің шаттық пен игілікке толы атмосферасын бейнеледі.

Мәдениет және туризм министрлігі айдаһар тақырыбына арналған кәдесыйлар сериясын шығаратынын да айтты. Жылқы тұмарының бейнесі және оған қатысты элементтер әлемнің барлық өңіріндегі Көктем мерекесін тойлау кезінде қолданылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото