«Хайхэ өзеніндегі бірегей жүрдек теміржол туннелі» сәтті тұтасты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 қараша
«Хайхэ өзеніндегі бірегей жүрдек теміржол туннелі» сәтті тұтасты

28 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қарашада Қытайдың 14-інші теміржол бюросы салған Тяньцзинь-Вэйфан жүрдек теміржолының негізгі басқару жобасы - Цзиньгу Хайхэ туннелі сәтті аяқталып, Тяньцзинь-Вэйфан жүрдек теміржолындағы бүкіл желінің ашылуына берік негіз қаланды.

Тяньцзинь-Вэйфан жүрдек теміржолы солтүстігінде Бейжің-Тяньцзинь қалааралық теміржолымен, оңтүстігінде Цзинань-Циндао жүрдек теміржолымен тұтасады. Магистральдық желінің ұзындығы 348,9 шақырымды, жобалық жылдамдығы сағатына 350 шақырымды құрайды. Желі бойындағы Цзиньгу Хайхэ туннелінің қалқанды бөлігінің жалпы ұзындығы шамамен 6,5 шақырымды құрайды. Бұл Тяньцзинь-Вэйфан жүрдек теміржолының бүкіл желісіндегі жалғыз туннель, сондай-ақ Хайхэ өзеніндегі алғашқы жүрдек теміржол туннелі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото