9-ыншы ОАӨЭЫ талдау орталығын дамыту форумы ашылды (13)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 2 желтоқсан
9-ыншы ОАӨЭЫ талдау орталығын дамыту форумы ашылды

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 1 желтоқсанда Үрімжіде «Қаржыландырудың инновациялық тетіктері арқылы ОАӨЭЫ-ны жасыл трансформациялау» тақырыбымен 9-ыншы Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының (ОАӨЭЫ) талдау орталығын дамыту форумы ашылды.

Форум барысында қатысушы сарапшылар «жасыл» жобаларды қаржыландырудың инновациялық үлгілері, «жасыл» банк және тұрақты несие тәжірибесі, климаттық қаржыландыру және халықаралық донорлардың рөлі сияқты тақырыптар бойынша терең талқылау жүргізді. Талдау орталығы альянс мүшелері жасыл болашақты құру және климаттық қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша мәліметтермен және тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесуге ОАӨЭЫ талдау орталығы альянсының мүше институттарынан, көпжақты даму серіктестерінен және ғылыми орталықтардан 150-ден астам сарапшы мен ғалым қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото