- Барлық ақпарат
Үрімжіде «Тянь-Шань тұлпары» атты көкпар жарысы басталды (2)
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 желтоқсан
22 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 20 желтоқсанда Үрімжі қаласының Шуймогу аумағында күннің суықтығына қарамастан, ынталы жұртшылық 2025 жылғы «Тянь-Шань тұлпары» атты көкпар жарысының Үрімжідегі қосалқы сайысын тамашалауға жиналды.
Үрімжі қаласы мен Алтай аймағынан келген жеті команда екі күн бойы шеберлікпен күш сынасып, дәстүрлі ат спортының тамаша үлгісін көрсетті.
Үрімжі қаласының Шуймогу аумағы Мәдениет және туризм бөлімшесі партия ұжымының хатшысы Ли Вэньудың айтуынша іс-шара дәстүрлі көкпар сайысын дәнекер етіп, ұлттық мәдениетті насихаттайды. Сонымен қатар спорт, туризм, ауылшаруашылық өнімдері және осы салалардағы тұтынуды арттырып, аумақтық дамуға серпін береді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




