- Барлық ақпарат
Жың-Іле жоғары жылдамдықты тасжолының негізгі жобасы аяқталды (3)
25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 23 желтоқсанда G577 Жың-Іле тасжолындағы Солтүстік Тяньшань туннелі толығымен аяқталды.
Нылқы ауданында орналасқан туннельдің жалпы ұзындығы 11,88 шақырымды құрайды. Бұл Жың-Іле тасжолының негізгі жобасы. Жол бірқатар жыра-жақпар және су қысымы жоғары қатпарларды кесіп өтетіндіктен, бұл құрылысы аса күрделі жоба болды. Көлік қатынағаннан кейін туннель арқылы Солтүстік Тяньшань тауларын кесіп өтуге небәрі 15 минуттай уақыт кетеді. Бұл Нылқы мен Жың ауданы арасындағы тасымал кедергісін толығымен жойып, екі тарап арасындағы қатынау уақытын 5 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқартады. Жобаның Іле өзенінің аңғарындағы аймақтық ресурстарды ашуға, туризмді дамытуға, өнеркәсіпті жаңғыртуға және экономикалық дамуға ықпал етуде маңызы зор.
G577 Жың-Іле желісінің жалпы ұзындығы 92,545 шақырымды құрап, Солтүстік Тяньшань тауларын кесіп өтеді. Бұл Іле өзені аңғары үшін аса ыңғайлы автомобиль жолдарының бірі. Жол желісі сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүруге арналған, екі жақты, төрт жолақты бірінші класс санатындағы тас жолдың стандартты құрылысы. Желі бойынша жалпы ұзындығы 17,766 шақырымды құрайтын 5 туннель бар. Туннельдер жалпы жолдың бестен бір бөлігін құрайды. Жоба көлік қозғалысына арналғандықтан, Үрімжіден Құлжа қаласына дейінгі жол шамамен 90 шақырымға қысқарады. Яғни жол жүру уақыты 7 сағаттан 5 сағатқа ықшамдалады. Сондай-ақ көшкін қаупі бар өңірді айналып өтіп, қауіпсіз тасымалға қол жеткізуге болады.
people.cn © People's Daily Online




