Эргуна, Ішкі Моңғол: минус 30 градус температурада балық аулау (10)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 желтоқсан
Эргуна, Ішкі Моңғол: минус 30 градус температурада балық аулау

25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қысқы Хулунбуирдегі Эргуна қаласында ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендеп, өзен бетін қалың мұз жапты. Қытай-Ресей шекарасындағы өзенде мұздан балық аулаудың үшінші шарасы Хэйшаньтоу портының көркем аймағында өтті.

Қар-мұз ойын-сауық аймағында көңілді іс-шаралар тізбегі ұйымдастырылды. Қарда жүретін көліктер, трактормен зырғанақ сүйреу, Швейцария альпісін кесіп өту, мұз шұңқырларынан қашу және мұз үстіндегі тақтай көпірлері сияқты қызықты жобалар туристерді тамашаға батырды. Сол сияқты керлинг лақтыру, қардан қазына іздеу, мұзға су шашу сияқты ойындар да көптің көңілін көтерді. Қытайлық және шетелдік туристер қызықты қар-мұз жобасының арқасында рахаттана демалды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото