- Барлық ақпарат
100 000 тонналық «Идеал» круиздік кемесі Циндаода жөндеуден өтті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 қаңтар
8 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қаңтарда Қытайдың Кеме жасау корпорациясы Циндао қаласындағы Бейхай кеме жасау компаниясының зауытында «Идеал» атты ірі круиздік кемені жөндеуден өткізіп жатыр.
Қазіргі уақытта «Идеал» круиздік кемесі Қытайдың Циндао Бейхай кеме жасау корпорациясының зауытында техникалық қызмет көрсетуден өтуде. «Идеал» круиздік кемесі - Италиядағы Финкантини кеме жасау зауытының жалпы 103 000 тонналық круиздік кемесі. Ол 2025 жылдың 24 желтоқсанынан бастап жоспарлы жөндеу жұмыстарына тапсырылған. Бұл аталған компанияның «Арман» кемесінен кейін қолға алған круиздік кемелерді жөндеудің екінші ауқымды жобасы. Бұл Циндао қаласындағы круиздік кеме қызмет көрсету индустриясының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




