Қорғас 2025 жылы 9 882 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызын жөнелтті, бұл рекордтық көрсеткіш (2)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 қаңтар
Қорғас 2025 жылы 9 882 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызын жөнелтті, бұл рекордтық көрсеткіш

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қорғас теміржол порты станциясының статистикасына сәйкес, 2025 жылы Қорғас 9 882 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызын жөнелтті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға артық, ал жүк көлемі 14,237 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға көп. Екі дерек те рекордтық деңгейге жетті.

Қорғас теміржол портындағы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының орташа тәуліктік қозғалысы 27-ден астам пойызды құрайды, кері қайтқан Қытай-Еуропа пойыздары орта есеппен әр 2 сағатта жүк ауыстырып болады. «Қытайда жасалған» күнделікті қажетті бұйымдар, механикалық және электр жабдықтар, электронды өнімдер, ауылшаруашылық және қосалқы өнімдер сияқты т.б. өнімдер Шыңжаң теміржол порттары арқылы Орталық Азия мен Еуропа нарықтарына көптеп жол алып жатыр.

Осы уақытқа дейін Қорғас теміржол порты арқылы 52000-нан астам Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздары жүрді, теміржол желілерінің жалпы саны 90-ға жетті, 18 ел, 46 қала және аймақтарды қамтыды, тасымалдайтын жүк түрі 200-ден асты.

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото