- Барлық ақпарат
Иу, Чжэцзян: «Бұртиған жылқы» ойыншығы күтпеген жерден танымал болды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 қаңтар
13 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Бірнеше күн бұрын Чжэцзянның Иу қаласында «Бұртиған жылқы» деп аталатын кішкентай пони қуыршақ ойыншығы күтпеген жерден интернетте танымал болып, жаңа жылдан бастап Иу нарығындағы ең сұранысқа ие өнімге айналды. Нарық операторларының тапсырыстары күрт өсіп, зауыттар сұранысты қанағаттандыру үшін өндіріс желілерін шұғыл түрде кеңейтті.
Анығында сәтсіз жоба болып есептелген «Бұртиған жылқыны» желі қолданушылары кездейсоқ ұнатып, оның бұртиған түрін қызықтап, танымалдылығын арттырды. Қарапайым қуыршақтан танымал өнімге айналған «Бұртиған жылқының» қазіргі уақыттағы тапсырыс саны күніне 20 000-ға жуық.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




