Қытайдың U23 ұлттық футбол құрамасы тарихта алғаш рет Азия кубогінің плей-офф кезеңіне жолдама алды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 15 қаңтар
Қытайдың U23 ұлттық футбол құрамасы тарихта алғаш рет Азия кубогінің плей-офф кезеңіне жолдама алды

15 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 14 желтоқсанда Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен 23 жасқа дейінгі ерлер арасындағы Азия кубогінің D тобы бойынша соңғы кездесуде Қытай құрамасы Таиландпен 0:0 есебімен тең түсті. 3 ойында 1 жеңіс, 2 тең нәтижемен 5 ұпай жинап, жеңіліссіз түрде топта екінші орынға ие болды. Осылайша тарихта алғаш рет осы сайыстың плей-офф кезеңіне өтті.

Сол күні бір уақытта өткен D тобының тағы бір матчында Австралия құрамасы қосымша уақытта қатарынан екі гол соғып, Иракты 2:1 есебімен жеңді. Австралия құрамасы D тобындағы 3 ойында 2 жеңіс және 1 жеңіліспен 6 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Алдыңғы кездесуде Қытай құрамасы Австралия құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото