- Барлық ақпарат
Харбин қар-мұз әлемінде қыстан ләззат алыңыз (12)
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 қаңтар
27 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Харбин қар-мұз әлемі қазір әлемдегі ең үлкен қар-мұз саябағы саналады. 600 000 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан саябақ 27 жыл бойы жұмыс істеп келеді. 26-ыншы Харбин қар-мұз әлемі саябағы (2024-2025 қыс маусымы) рекордтық деңгейде 3,56 миллион саяхатшыны қабылдаған болатын.
Саябақта қар-мұз қаласы, мұз мүсіндері жарықпен шағылыса жалтырайды. Келушілер күнделікті қойылымдар, әртүрлі ойындар, тақырыптық бас қосулар, сырғанақ тебу сынды көптеген іс-шараларды қызықтай алады.
Түн шымылдығын жапқанда, саябақ хрусталь ертегі әлеміне айналады. Бұл тек қар-мұз өнерінің көрмесі ғана емес, сонымен қатар қыстың қуанышы мен өзіндік жылулығын сезіндіретін тамаша орта.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




