- Барлық ақпарат
Әлемдегі ең ұзын су асты жүрдек теміржол туннелінің құрылысы тұрақты жүріп жатыр (3)
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 ақпан
12 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Нинбо-Чжоушань теміржолы Цзиньтан теңізасты туннелінің батысы Чжэцзян өлкесінің Нинбо қаласы Бэйлун аумағынан басталып, шығысы Чжоушань қаласы Цзиньтан қалашығына дейін жетеді. Жалпы ұзындығы 16,18 шақырымды құрайтын бұл туннель әлемдегі ең ұзын суасты жүрдек теміржол туннелі саналады.
Қазіргі уақытта Нинбо-Чжоушань қалқан машинасы 3146 метрден астам жерді үңгіп, Нинбодағы жалпы міндеттің 60%-дан астамын орындады. Көктем мерекесі кезінде 150-ден астам құрылысшы құрылыс алаңында қалуды таңдады. Жоба тобы ауысыммен жұмыс істеп, қалқан машинасының теңіз астында қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 24 сағат бақылайды және қалқан машинасына кешенді тексеру мен техникалық қызмет көрсетеді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online




