Қытай кестесінің «тірі қазынасы» –  Шуй ұлтының жылқы құйрығы кестесі (9)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 наурыз
Қытай кестесінің «тірі қазынасы» –  Шуй ұлтының жылқы құйрығы кестесі

2 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 1 наурыз, суретте Вэй Таохуа жылқының құйрық қылын реттеп жатыр. Шуй ұлтының жылқы құйрығы қылшығынан кесте тігу шеберлігі – Гуйчжоу өлкесінің Цяньнань облысына қарасты Саньду Шуй ұлты автономиялық ауданындағы шуй ұлты әйелдері ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп келе жатқан ерекше кесте түрі. Ол қытай кестесінің «тірі қазынасы» деген атқа ие. Бұл кестеде жібек жіпке жылқының құйрық қылын орап, оны сызылып бейнеленген өрнек нобайының бойымен төсеп шығады да, содан соң нобай сызығы бойынша әртүрлі ою-өрнектерді кестелейді. Бұл технология өзіндік ерекшелігімен және күрделілігімен сипатталады.

62 жастағы Вэй Таохуа жастайынан жылқы құйрығы кестесі шеберлігін үйренген, ол – Қытайдың ұлттық деңгейдегі материалдық емес мәдени мұрасы – Шуй ұлтының жылқы құйрығы кестесінің өкілді мұрагері. 50 жылдан астам уақыт ішінде Вэй Таохуа дәстүрлі жылқы құйрығы кестесі әдістерін зерттеп, оған мұрагерлік етумен бірге батыл жаңашылдық енгізіп, ою-өрнек дизайны, кестелеу технологиясы сияқты аспектілерде өзіне тән өндірістік стилін қалыптастырды және тұтынушылардың сүйіспеншілігіне бөленген бір топ әдемі әрі ерекше жылқы құйрығы кестесі туындыларын жасады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото